Ел спорты: Білікті джитсердің спорттық мансабы және Джиу-джитсудың болашақ чемпиондары. Нұрсұлтан Орынбасаров
13 декабря 2017, 15:50
Поделиться

спорт журналисті, sportinfo.kz сайтының тілшісі, Алматы қаласы және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінің фотографы және тілшісі.

спортивный журналист, медиа-офицер ФК "Рузаевка", корреспондент спортивно-новостного портала Sportinfo.kz, редактор и фотограф пресс-службы Управления физической культуры и спорта города Алматы

Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы Ережесіз жекпе-жек бойынша "Alash pride" халықаралық турнирінің кəсіпқойлар арасында 4 дүркін жеңімпазы. Грепплинг күресі бойынша Азия чемпионы. Джиу-джитсу, Грепплинг, Ұлттық жекпе-жек бойынша халықаралық жарыстардын бірнеше дүркін чемпионы. Қазақстандағы жас спорт түрлерінің бірі джиу-джитсу қалай дамуда? Бұл спорт түрі несімен қызықты? Білікті және танымал джиу-джитсу спортшысы Нұрсұлтан Орынбасаровтың спорттық мансабы және ұстаздық өмірі.

Білікті джитсердің спорттық мансабы және

Джиу-джитсудың болашақ чемпиондары.

Нұрсұлтан Орынбасаров

 

Еламан Тұрысбек (Е.Т.) - Қайырлы күн, достар!

Радио Медиаметрикс Қазақстан эфирінде Ел спорты бағдарламасы және оның жүргізушісі мен Еламан Тұрысбек. Бүгін біздің студиямызда қонақта Ережесіз жекпе-жек, джиу-джитсудан кқптеген халықаралық турнирлердін жеңімпазы, грепплингтан Азия чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров.

 

Е.Т. - Нұрсұлтан, студиямызға қош келдіңіз! Әнгімемізді джиу-джитсудан бастасақ, жалпы бұл спорт елімізде жақсы дамып келе жатыр, дегенмен оны түсінбейтін адамадрда жетерлік. Соның ерекшелігімен, ережелерімен таныстыра өтсеңіз.

 

Нұрсұлтан Орынбасаров (Н.О.) - Жалпы, джиу-джитсу спорты қазақстанда қарқынды дамып келе жатқанына 3-4 жылдай болып қалды. Елімізде осы спорттан кқптеген халықаралық турнирлер, Азия чемпионаттары ұйымдастырылып жатыр. Джиу-джитсудың басқа спорт түрлерінен ерекшелігі ауырлық тәсілдер жасап, жеңіске жеткенше күреседі. Егер ауырту тәсілдер жасалынбаса спортшыға ұпай саны бойынша жеңіс беріледі. Бұл спорт түрі ережесіз жекпе-жекке өте қажет. Менің ойымша осы спортпен қатар ережесіз жекпе-жекте дамып жатыр.

 

Е.Т. - Сіз бүл спортқа қашан келіп едіңіз?

 

Н.О. - Мен басында дзюдо күресімен айналысқанмын. Осыдан 4 жыл бүрын Алматыда Достық спорт кешеніңде джиу-джитсудан халықаралық турнир өтіп сонда мен өзімнің бағымды сынап көрдім. Содан бері менде осы спортқа қызуғышылқ пайда болды.

 

Е.Т. - Ал, дзюдоны қанша жасыңызда бастап едіңіз?

 

Н.О. - Дзюдо күресін 16 жасымда студент кезімде бастадым.

 

Е.Т. - Қазіргі жаттығып жүрген клубыныз қателеспесем Қазақстан Топ Тим, ал, жалпы қанша клуб бар Алматыда?

 

Н.О. - 30 астам клуб бар шығар.

 

Е.Т. - Өзіңіз тандадыңыз ба осы клубты?

 

Н.О. - Қазақстан Топ Тим командасы бір сөзбен айтқанда Қазақстанның құрамасы деген мағынаны береді. Осы командаға 3 жыл бұрын келіп халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсете бастағам. Бұл команда Қазақстанның үздік клубының біреуі.

 

Е.Т. - Осы команданың атынан қандай жарыстарға қатысып едіңіз?

 

Н.О. - Қазақстан Топ Тим командасының атынан Абу-Дабида өтетін әлем чемпионатына, Лиссабонда өтетін Еуропа чемпионатына, Анталияда өтетін грепплинг чемпионаттары және де Қазақстанның Азия чемпионаттарына қатыстым.

 

Е.Т. - Жақында үш күн бойы Алматыда халықаралық турнир өткен еді, сіз кимоносыз шыққан едіңіз...

 

Н.О. - Жоқ мен бұл Арлан грип финалына шығатын жоспарым болған, бірақ мен бұл жарысқа шықпадым, себебі дайндығым аздау болды және де денсаулыққа байланысты дайндықтар болмады.  Бұл жарысқа менің шәкірттерім шықты. Екі күн бойы National Pro деген халықаралық жарыстар содан кейін Азия чемпионатын қосқан кезде шәкірттерім 13-ке жуық медаль алған еді. Алтыны, күмісі, қоласы барлығы бар.

 

Е.Т. - Осы шәккіртеріңіз жайлы толық ақпарат бесреңіз, қай жерде дайындалады, қанша оқушыңыз бар?

 

Н.О. - Қазір 80-ге жуық шәкіртім бар. Алматы облысы, Іле ауданы, Мұхаммеджан Түймебай ауылы, бұрынғы Ашыбұлақ ауылында өзімнің жаттығу залым бар. Клубтын атын армия генралы, ұлы отан соғыс ардагері, алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовке арнап қойдым. Бұл Қазақстан Топ Тим клубының филиалы ретінде ашылды. Бұл жерде 80-ге жуық шәкіртімнің ішінде 20-ға жуық спорт шеберлігіне үміткер атағын алды. Ол жерде көбісі 18 жасқа дейінгі балалар. Шыны керек, Қазақстан боынша джиу-джитсу күресі бойынша кішкентай балалардан үздік қнер көрсетіп жүрген менің шәкірттерім деп айта аламын. Атап айтатын болсам, 16 жасар Мәди Құрманғожаев Абу-дабиге үш жыл қатарынан барып, жүлделі орындар алып қайтқан болатын, Елжан Жұмаділ деген күміс жүлдегер атанды, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы атанды және Самат Айтпанбет деген Арлан грип финалында өткен турнирде күміс жүлдегер атанып, ал National Pro-дан алтын жүлдеге ие болды. Оған ҚТТ құрамасының бапкері американдық джиу-джитсудан қара белбеу иегері Адам Фокс көк пояс табыстаған болатын. Кеше ҚТТ-ның тағы бір жаңа залы ашылған болатын, сол салтанатты ашылуында Самат Айтпанбетке көк пояс табыстады. National Pro турнирінде ерекше көзге түскен шәкірттерімнің бірі қыз бала Жібек Құлынбетова деген болды. Оның жас 10-да, салмағы 27 кг, ол жаста қыз болмағандықтан ұлдардын арасына қатыстыруды сұрадық. Қарсыластары мықты болды, бірақ барлығын оңай жеңіп, финалда тәжікстандық спортшы Мансуржан Сабуров дегенді ұтып алды. Тартысты бәсеке болды, бірақ соңғы минутта Жібек балмен алдыға шығып, қолына ауырту әдісін жасап жеңіске жетті.

 

Е.Т. - Өте керемет нәтиже екен. Құтты болсын! Жалпы осындай жетістіктердің құпиясы неде? Оларға қандай кеңес бересіз?

 

Н.О. - Бапкер болу кез келген адамның қолынан келгенмен, чемпионды дайындау үшін менің ойымша үлкен жүрек керек. Өйткені бұл жерде мынадай мәселе,  басқа да бапкер балалардан естимін, олар айтады, бапкер балаға өз жаның береді, тәрбиелейді, өз баласындай қарайды, өсіреді, бірақ мысалы екі жылдан кейін ешкім оны ұстап отыра амайдығой, ол бала отбасылық жағдаймен басқа қалаға көшіп кетуі мүмкін, немесе басқа клубқа кетіп қалуы мүмкін не болмаса ойы өзгеріп басқа спортты тандайды, неше түрлі жағдайлар болады, сонда бапкердің екі жылдық еңбегі бір күнде жоқ болып кетеді. Ал, жаңа чемпиондарды шығару үшін оған 1-2 жылдай уақыт кетеді, сондықтан көп бапкерлер дайындауға келгенде жанын салмайды. Содан кейін, 1 залда 20 бала болса, барлығына 1 әдісті көрсетеді, сол жерден олар өздері үйреніп шығып жатады. Мен жалпы айтам, егер жақсы жетістікке жеткенің қаласа, әр балаға көңіл бөлінуі керек. Бір баланың бойы ұзын, оған басқа техника керек, біреуінің бойы қысқа, ал біреуіне басқаша әдіс жақсы келеді деген сияқты. Сондықтан бапкер жақсы жетістікке жету үшін ізденіс үстінде болуы керек, ал, екіншіден кішкентай баланы жарысқа апарар алдында, психологиялық тұрғыда ол бала дайын ба деген сұрақ міндетті тұрде қойылуы керек. Кейбір балалар болады өзіне қатты сенімді, тасынып түратын, оларды сабырлыққа шақырып, түсіндіріп айту керек, ал кейбіреуі сенімсіз боалды, олардың рухын көтеру керек. Сондықтан бапкер болу, ол психолог болып, ізденіс үстінде болу керек.

 

Е.Т. - Бапкер боламын деген балалық арманыңыз болды ма? Мақсат қойдыңыз ба?

 

Н.О. - Менде ондай арман болмады, бірақ әскери қызметте істесем деген ой болды, өйткені кішкентай кезімнен отанымды қорғауды армандадым. Әкем, ағаларым әскери қызметте істеді, сол себепті отанымды қорғап, еліме пайдамы тигіземін деген ой болатын. Бірақ мен спортқа келдем, осы жерле де сол арман. Қазақтын туын желбіретіп, атын шығарсамғой, намысын қорғасамғой деген. Менің бір-ақ қана мақсатым, қайда жүрсем де пайдалы іспен айналыссамғой, қазақтын дамуына, еліміздің биікке көтерілуіне бір үлесімді қоссамғой деген мақста болатын. Біздің ауылда спорт түрлері аз болды, күрес түрлері болмады, сондықта өзімнің білетінімді балаларға үйретейін деп 10-15 шақты баламен бастағанмын. Өзім қалада жаттығам, қзіммен бірге жарысқа алып шығам, сүйтіп жетістіктер жаман болған жоқ. Одан кейін балалар көбейе бастады, оларды тастап кетуге қимадым. Басқа жұмыстарға да шақырған болатын, әскери қызмкетке де шақырды, бірақ барлығына бастарттым, себебі еліме осы спорт арқылы ғана көмегімді тигізе аламын, қйткені спорт арқылы мен бала тәрбиеле аламын. Менің оларға айтатыным, ен алдымен өз еліннің патриоты болуын керек, жақсы көруін керек, рухы биік патриоттар ғана чемпиона бола алады. Сондықтан мен 80 баланы патриоттықа тәрбиелеп, спортпен айналысып дендері сау болу үшін барлығын жасаудамын. Спорт арқылы тигізер пайдам көп, спорттағы жоспарларым өте көп.

 

Е.Т. - Спорт жайлы айтып жатырсыз, жалпы спорттық мансабыңызда өзіңіз ережесіз жекпе-жекке де шыққан екенсіз, сол туралы толығырақ айтып берсеіңз, қай жерде дайындалдыңыз? Неге осы спортты ауыстырдыңыз?

 

Н.О. -  Мен жалпы ережесіз жекпе-жекке Алмас Алязаков деген жаттықтырушыға барып дайындалдым, ол кісі мені жарыстарға алып шықты, кәсіпқойлар арасында 4 жекпе-жек өткіздім Алаш Прайд турнирінде, барлығында жеңіске жеттім. Әуесқойлар арасында да жарыстарға қатысып жеңістерге жеттім. Бұл спорт негізі үлкен дайындықты талап етеді, Өз шәкірттерім әлемдік чемпинаттарға баруына көметкесіп, оларға көңіл бөлдім. Өзімнің дайындығыма қарағанда солардікі маңыздырақ болды. Ережесіз жекпе-жектен көптеген ұсыныстар түсті, бірақ менің өз жоспарларым бар, жұмыстарым бар. Олардың бәрі іске асып жатса осы спортқа қайтып келемін.

 

Е.Т. - Бір өте қызықты жайт, ережесіз жекпе-жекте барлығында лақап аттары болады, ал сізде Жылан деген атау бар екен. Неге олай қойдыңыз?  

 

Н.О. - Оны маған өзімнің бапкерім қойып берді. Ол кезде маған жарысқа қатысасын деді, бірақ мен өз лақап атымды білген жоқпын. Мен өзім джиу-джитсудағы қол қайырып, аяқпен оратылатын тәсілдерді қолданып өзімнің залымда үнемі жасап жүретінмін. Осыған қарап жаттықтырушым ат қойған екен, Бірақ, ен қызығы мен оны қырғызстандық спортшы Азия чемпионы Беққазы Тұрымабатов дегенмен салмақ өлшеу рәсімінде, көз түйістіріп тұрған кезде Нұрсұлтан жылан деп хабарлағанда білдім. Сол кезде мен күліп жібергенмін, алайда күлкімді тиып тұруға тырыстым, қырғызстандық спортшы түсінбей қалды. Сонда мен ішімнен неге анаконда деп қоймады деп ойладым (күлді). Содан кейін, мені бәрі тани бастады, мынауын жылан жесе жылан екен деп.

 

Е.Т. - Өзіңіз оған қарсы болмадыңызғой?

 

Н.О. -  Мен ойлаймын. Лақа атты маған былай қойып бер, не болмаса былай болу керек деп спортшы айтпау керек, оны халық көріп өзі атап кетеді. Ал, ағам маған сенің істеген қимылына қарап қойғанмын деп. Айтпесе, барыс, қасқыр деп өздері қойып алғандар көп, ал менің лақап атымның ерекшелігі осында.

 

Е.Т. - Джиу-джитсуға қайта оралсақ, соңғы кездері осы спорт Олимпидаға кіреді деген өсектер тарап жүр. Сіз өзіңіз джиу-джитсу болашақта Олимпиадаға кіреді деп ойлайсыз ба?

 

Н.О. - Иә. Джиу-джитсу спорты Азия ойындарына биыл кірді, ол енді Олимпиадаға жақындады деген сөзғой. Олимпиадаға 2024-те кіреді деп ойлаймын.

 

Е.Т. - Онда, бізде соны тілейміз, эфирімзідің уақыты аяқталуға жақын, біздің кқрермендерге айтарыңыз болса.

 

Н.О. - Менің айтарым барлығына спортпен айналысқан дүрыс. Бапкер болған дүрыс. Себебі спорт арқылы баола өз елінің патриоты болып, дені сау, рухы биік болып өседі. Сондықтан айтарым спортпен айналысыңыздар, қазақтын туын көкке кқтеретін спортшылар көбейе берсін!

 

Е.Т. - Рахмет! Айтқаныңыз келсін. Бізддің де сізге тілеріміз тек табыс, шәкірттеріңіздін жеңісіне қуанып, өзіңізде жақсы жетістіктерге жетіп жүре беріңіз.

 

Құрметті РадиоММ көрермендері осымен Ел спортының уақыты тәмәм. Бізбен бірге болыңыздар! Аман сау болыңыздар!

 

 

Аренда студии для записи
Продолжительность от 50 минут.

В студии одновременно могут находиться три гостя( эксперта) других экспертов можно подключить онлайн.

В стоимость входит полное звуковое и видеосопровождение инженером трансляции, три камеры, три микрофона, три пары наушников, студийное освещение.

На экран монитора возможно установить логотип или любую заставку.

Так же возможно выведение трансляции на любой сервис (ваш сайт, YouTube, Вконтакте, Одоклассники и т.д.), подключение спикеров через Zoom, Skype.
adt@mediametrics.ru